Посольство Украины в Республике Казахстан

Киев 02:23

«Украин жерінің ұмытылмас жан жылуы» атты дөңгелек үстел

01 августа, 06:34

2019 жылғы 18 шілдеде сағат 15:00-де «Достық Үйінде» Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының бүгінгі күні Қазақстанда тұратын түлектерінің кездесуі өтті. Бұл оқу орнында қазақстандық студенттер 1971 жылдан бастап 1993 жылға дейін оқытылды. Осы арада Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, («Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар т.б. облыстардан 300-ден астам қазақстандық студенттер аталмыш жоғары оқу орнының филологиялық факультетін аяқтады. Бүгінгі күні олар еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Павлодар облысында білім саласында еңбек етуде.
Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік университеті Полесьедегі ескі жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі және биыл қазан айында 100 жылдық мерейтойын атап өтпекші.Житомир педагогикалық институты ретінде 1919 жылы құрылған ол 1926 жылы Житомир халыққа білім беру институты болып аталды. Кейін бұл жоғары оқу орын Житомир мемлекеттік педагогикалық институты болып, ал 1999 жылдан – Житомир мемлекеттік педагогикалық университеті болып аталды. 2004 жылы Житомир мемлекеттік университеті аталды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келген түлектер, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сәрсенбаева А.М., Қазақстан украиндары қауымдастығының төрағасы Парипса М.С., Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар Винница мен Сумы педагогикалық институттарының түлектері де қатысты. Шара шеңберінде Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің белсенділерімен кездесу ұйымдастырылып, Достық Үйі ішінде және Павлодар қаласы бойынша экскурсия өткізілді.