Посольство України в Республіці Казахстан

, Київ 22:07

Привітання зі святом Науриз!

23 березня, 11:30

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Шығыс халықтарының бұл әдемі мерекесінің Украинаға ортақ тұстарының мол екендігін атап өткен жөн. Ерте замандарда Украинада Жаңа жыл жылы аймақтардан алғаш қарлығаштардың қайтып оралатын наурыз айының аяғынан бастау алатын.
1916 жылы композитор М.Леонтович қазір әлемге әйгілі украинаның «Щедрик» өлеңіне тамаша музыка жазған болатын:

Щедрик, щедрик, щедрівочка,
Прилетіла ластівочка...

Украина және қазақ тарихының жалпы ортақ тамыры бірнеше ғасырларға бойлап кеткен достығымызды нығайтуға және екіжақты қарым-қатынасты қарқынды дамытуға көп септігі тиеріне сенімдім.
Сондықтан барлық жоспарларыңызды табысты іске асыру үшін бұл мереке сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, зор қайрат пен жігер және мол шабыт сыйласын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Украина істеріндегі
Уақытша сенімді Өкілі
Володымыр ДЖИДЖОРА