Посольство України в Республіці Казахстан

, Київ 22:00

Қырымды де-оккупациялау бағытындағы Украинаның соңғы бастамалары - БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарарының қатаң жобасын және #CrіmeaіsBleedіng кампаниясын іске қосуды енгізу

06 листопада, 06:47

31-ші қазанда Украина сыртқы істер Министрі Петр Климкин: «Бүгін Украина «Қырым Автономиялық Республикасында және Севастополь қаласында (Украина) Адам құқықтары жағдайы» атты жаңартылған Қарарының жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының 3-ші комитетінің қарауына берді», деп хабарлады.

Бұл өте қажетті қадам, өйткені 2016 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған «Қырым АР және Севастополь қаласында Адам құқықтарының ахуалы» атты БҰҰ БА 71/205 Қарарының ережелерінің бір де біреуін Ресей орындаған жоқ. Мұны, басқалармен қатар, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының соңғы тақырыптық баяндамасы растайды. 

Сондықтан да Украина 2016 жылғы Қарардың ережелерін күшейте отырып, жаңа маңызды элементтерді қамтитын неғұрлым қатаң құжатты енгізетін болады.

Бұл ең алдымен Қырымды де-оккупациялау мәселесінде Украинаға халықаралық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. «Украина Ресей Федерациясына қарсы» ісінде БҰҰ Халықаралық сотының шешімдерін Ресейдің орындау қажеттігі мен түбекке халықаралық бақылау миссияларының кіруін қамтамасыз етуге жеке көңіл бөлінетін болады.

Қарар жобасы сондай-ақ Украинаның уақытша оккупацияланған аумағында агрессордың РФ құқықтық жүйесін заңсыз қолданылуын, украиналық мүліктің экспроприациялануын, Қырым резиденттеріне Ресей азаматтығын автоматты түрде таратылуын, қырымдықтарды халықаралық гуманитарлық құқық тікелей тиым салатын РФ Қарулы Күштері қатарына заңсыз шақыруды айыптайды.

«Әлем өз атымен нәрселерді айтуға тиіс – сөз Ресейдің оккупациялаған украиндық Қырымдағы қылмыстары туралы болып отыр және біз бұл мәселеге халықаралық қоғамдастықтың назарын тек қарардың тілімен ғана аударып отырғанымыз жоқ», – деп П.Клімкін нық сенім білдірді.

Осыған байланысты, Министр «#CrіmeaіsBleedіng» ақпараттық кампаниясын іске қосылатыны туралы хабарлап, оның назарында ресейлік оккупация режимінің репрессиясына және басқа да сынақтарына лайықты түрде мейлінше қарсы тұра алған қырымдықтардың тағдыры болатынын ескертті. П.Клімкін: «Олардың жеке тарихтары, батылдық пен қадір-қасиеттерінің тарихтары – бұл Қырымды ұмытуға немесе сатуға Украинаны шақырғандарға біздің жауабымыз», деп атап өтті.

Ресей оккупанттарының түрмесінде 3 жылдай заңсыз ұсталған қырымдық татар халқы Меджлисінің Төраға орынбасары Ахтем Чийгоз бүгін бірінші болып өзінің тарихын айтып берді. Ресей оккупанттарының қылмыстары және Қырымдағы украиндық азаматтардың қайсарлығы туралы жаңа тарихтар кампания аясында әр апта сайын беріліп тұратын болады және украиндық дипломатия арқылы барлық мүмкін деген халықаралық алаңдарда таратылуы көзделуде.

Сонымен қатар, Министр кампания бірлескен жоба болуы керек деп санайды. Ол украиндық және халықаралық БАҚ-ты, азаматтық қоғамдастықты, студенттерді және шетелдердегі украина диаспорасын оған қосылуға шақырады.

Останні заяви та коментарі